Жылыойлық дзюдошылар – тұғырдын төрінде бас қосты

Жақында Ақтөбе қаласында дзюдодан балалар және қыздар арасында өткен дзюдо «Judo club Aqtobe» ашық чемпионаты өтті.

Онда №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысып, бақтарын сынады. 32 кг салмақта белдескен ақкиізтоғайлық Манас Асхатұлы 3-ші орынды иеленді.

Сонымен қатар жақында Астана қаласында өткен дзюдодан 6-шы дәстүрлі ашық республикалық турнирде 32кг салмақта белдескен Қуантқан Ернар және 35 кг салмақта белдескен Өтеғұл Бекнұр қанжығаларына 3-ші орынды байлап қайтты.

Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылары Ж.Жұмасейітов пен А.Матаевтар болатын.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521