Жас палуандарымыз жеңіс тұғырында

Жақында Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері Қабдыраш Биғамбаевты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир өтті.

Сайыс Атырау қаласындағы "Нұрсая" спорт кешенінде өтіп, оған Калмыкия, Дағыстан, Шешен Республикаларынан және Батыс Қазақстан облысы, Түркістан, Ақтөбе облыстарынан 300-ден астам жас палуан қатысты. Республикалық турнирдің ашылу салтанатында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған турнирде Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі еркін күрес бөлімінің жасөспірім палуандары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 41 кг салмақта Аманғали Әлфараби 1-орын, ал 52 кг салмақта Бекзат Таңатар, 48 кг салмақта Азамат Ренатұлы 2-орынды иеленді.

Қ.Нұртайұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521