Оған еліміздің Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Дағыстан, Өзбекстан елдерінен барлығы 500-ге жуық жасөспірім палуан қатысты. Аталған республикалық додаға ауданымыздағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің спортшылары да қатысып, бақтарын сынап қайтқан болатын. Нәтижесінде 60 кг салмақ дәрежесінде белдескен Қуандық Жолдасов жүлделі 3-орынға ие болды. Спортшыны жарысқа дайындаған еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары - А.Тыныштықов, Р.Самаев, Н.Альжанов, Қ.Жұмановтар.

Қ.Нұртайұлы.