Өнерпаздар арасындағы алғашқы спорттық жарыс

 Ауданымыздың өнерпаз азаматтары да спорттан кенде емес.

Жылыойлықтардың көзайымына айналған әнші, асаба, халықтың қуанышын таспаға таспалап жүрген оператор, фотографтар жиналып, үлкен спорттық дода ұйымдастырды. Бұл тек аудан бойынша ғана емес, облыс көлемінде өткен алғашқы үлкен жарыс болды. Бір қызығы, ол жарысқа облыстағы тек өнерпаз азаматтар ғана қатысқан. Осылайша футзалдан өткен облыстық ашық турнирде 9 команда бақ сынады. Олар: «Атырау», «Жұмыскер мәдениет үйі», «Бірлік», «Bagdalmaut Unaited», «Индер», «Исатай», «Қызылқоға», «Құлсары» және «Жылыой» командалары болды.

Тартысты да қызықты ойын көрсеткен командалардың мақсаты – кіші аяқдоп спорт түрін насихаттау арқылы бұқаралық спортты дамыту. Сондай-ақ өнерпаздар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болды. -Жастар жылына орай ұйымдастырған жарыс жоғары деңгейде өтті. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты спортпен нығайту әлемдік трендке кеңінен ие. Жылдан-жылға спортқа бет бұрып келе жатқан жастар көбеюде.

Әрине, бұл - өте қуантарлық жайт. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен Жылыой ауданының аудан әкімі Азамат Бауыржанұлына, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абзал Аманжанұлына, демеушілік көрсеткен: «МАКО», «ЖасҰрпақҚұрылыс», «Интертаско» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары мен «Ақберен» өндірістік кооперативіне, ИП «Қалаулиев» пен кәсіпкер Марат Тінейұлына, сондай-ақ әріптесіміз «ART-BEST FILMS» студия басшысы Арман Серікұлына риазышылығымызды білдіреміз,-дейді Саламат Бекен.

Нәтижесінде 1-орынды «Құлсары» командасы қанжығасына байласа, 2-орынды «Атырау» командасы, ал 3-орынды «Бірлік» командасы иеленді. Ал осы жарыста «Үздік ойыншы» атағын «Құлсары» командасынан Ерназ Шегіров жеңіп алған. Барлық жеңімпаз командалар мен қатысушылар кубок, медаль, сыйлықтармен марапатталды.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521