Жаңа жылды жүгірумен қарсы алды

Кәсіпкер Қанат Есіркепов әлеуметтік желі арқылы аудан спортшылары мен кәсіпкерлерді жаңа жылдың алғашқы күнін марафонмен бастауға ұсыныс тастаған болатын. Оған аудан азаматтары қолдау көрсетіп, таңертеңмен бір топ марафонға қатысушы жиналды. Олар 1 қаңтарда таңертеңмен қала орталығымен бес шақырым жүгіріп өтті.

-   Жалпы өзім 2 жылдан бері Атырау қаласында тұрамын. Ол жақта да ынталы азаматтармен марафондар ұйымдастырып келемін. Марафонға қатысушылар арасында тек қана жастар емес, егде жастағылар да бар. Жаңа жыл қарсаңында Құлсарыға жолға шығар алдында спорт саласында жүрген інілерім Талғат Жұмағалиев, Нұрлан Әлжановтарға осы ұсынысымды айтқан болатынмын. Олар қолдап, бір топ аудан спортшылары мен кәсіпкерлер жүгіруге шықты. Жалпы мақсат – жаңа жылды жақсылықпен, салауатты өмір салтымен бастау болатын,-дейді Қанат. Қанат Атырау қаласында әлеуметтік желі арқылы «Чемпион» спортшылар клубын, сонымен қатар әдебиетшілер клубын жүргізіп отырған белсенді азамат есебінде танымал.

Қ.Дүйсенбетов.

Видеолар

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет