Бокс додасы спорт ардагері Нұрсипат Ғалимовтың құрметіне арналды

Нұрсипат Ғалимұлы – КСРО спорт шеберінің үміткері, «ҚР Денешынықтыру және спорттты дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Еркін күрес тарланы», «Құрметті спорт ардагері» медальдарының иегері. Сондай ақ, Теңіз кен орнындағы қызметі үшін «ТШО-ға 15 жыл» төсбелгісімен марапатталған. Мәдениет және спорт саласындағы ардагерлерді насихаттау мақсатында жазылған бірнеше кітаптың авторы. Ол ұлттық спорт түрлері мен ұлттық салт-дәстүрді дамытуға өз үлесін қосып жүр. Қазақ ұлтының мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – ат спорты бұйымдарының қолөнер шебері, спорт ардагерлері одағының мүшесі. Сонымен қатар, ауданымыздағы мәдениет саласында шараларға атсалысып келеді.

Аталған турнирге Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облысының аудандарынан жасөспірім боксшылар қатысып, бақтарын сынады. Спорттық доданың ашылу салтанатында ауданымыздың ақсақалдары, спорт ардагерлері арнайы қонақ болды. Жарысты Жолдыбай Тұрмағанбетов, Досмұқан Ильясов, Смағұл Қабдешев, Бүркіт Базарбаевтар құттықтау сөзімен ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған байрақты бәсекеде былғары қолғап түйістірген спортшылар, өз өнерлерін паш етті. Турнир нәтижесінде Құлсары қаласының жас боксшылары командасы мықтылық танытып, жүлделі 1-орынды иеленді. 2-орынды Жаңа Қаратон кентінің командасы еншілесі, 3-орынды Мақат ауданынан келген команда қанжығасына байлады. Жеңімпаздар облыстық «Ұлттық спорт түрлері» федерациясы қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Жанбалаев, ұйымдастыру алқасының төрағасы С.Қанатбаевтың атынан медальдар және дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздарды Ж.Тұрмағанбетов, С.Матениязов, С.Қабдешев, Ж.Бисенов, Ж.Құдайбергенов, Б.Базарбаев, А.Барақатов, Б.Даярдиев, Н.Қондыбаев, Қ.Өміров, Қ.Дүйсенбетов, М.Нұрбаулов, Ж.Сәукенұлы құттықтап, марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Қ.Нұртайұлы.

Суретті түсірген А.Долыбекова.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет