Ақкиізтоғайға жаяу жүгіріп жеткен Әлібек 31 шақырымды еңсерді

Күнделікті жасаған жаттығуларын әлеуметтік желіде жариялап отыратын Әлібек бұл жолы көпшілікті таңғалдырды. 14 қазан күні ол танымал марафоншы Марат Шәріпұлының қазақстандықтарға жолдаған алыс қашықтыққа жүгіру жөніндегі ұсынысын тыңдайды. Сөйтіп, демалыс күні әдеттегідей аз-мұз жаттығу жасаған соң Ақкиізтоғай ауылына бет алады. Таңертеңгі сағат 6-да жүгіріп бастаған ол ауылға дейінгі 31 км қашықтықты еңсерген.

–Әрине, айтуға оңай болғанмен, іс жүзінде өте қиын болды. Алдыма мақсат қойған соң бір ай бойы дайындалып, ақыры жолға шығып кеттім. Дала тас қараңғы болды, сағат түскі 11-ге жақын ауылға да жеттім-ау,-дейді ол. Бір қызығы, ол өзінің жаяу жүгіретінін Ақкиізтоғайдағы жақындарына айтпаған. Орта жолға келгенде оны тасжолдың бойынан автобуспен кетіп бара жатқан анасы көріп қалады. –Маған анам сол бойда қоңырау шалып, Құлсарыға кері қайтуымды сұрады. Ал мен 15 шақырымнан асып бара жаттым. Кері қайтсам да алдымда – сол 15 шақырым, әрі қарай жүгірсем де қалғаны – 15 шақырым жол. Әрине, алған бағытымнан қайтпай, мақсатыма жеттім, - дейді күліп.

Ол тұрғындарға мұндай қадамға баруға кеңес бермейтінін айтады. Өйткені үлкен дайындық пен мықты денсаулық болмаса, адамға зиянын келтіреді дейді.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет