Айкүне – қазақ гимнастикасы

Ол бүгінде Айкүне қазақ гимнастикасын ауданымызда жүзеге асыруды шындап қолға алыпты. Ата-бабамыздан келе жатқан емдеудің осы тәсілі ресейлік ғалымдардың өзін таңғалдырып отырған көрінеді. Азаматтың айтуынша, Айкүне жаттығулары - омыртқа, буын, демікпе, тағы да басқа ауруларға мың да бір ем.

-Азамат Атапкелұлы, Айкүне жаттығуы қайдан және қашан шыққан?

-Қазақ сынықшылары қолданған мыңнан астам тәсілді жинақтап, Айкүне деп аталатын жаттығу түрін ойлап тапқан Павлодар қаласында дүниеге келген Абай Баймағамбетов болатын. Ол ұзақ уақыт Ресейде тұрған. Оған «Ресейдің ең үздік шипагері» деген атақ берілген. Айкүне халықтық емдеу тәсілі қазақтың дәстүрлі құндылықтарынан тамыр тартады. Мұндағы қимыл түрлері бір-бір рудың атауымен аталып, рулық таңбасын алған. Сондықтан бұл байырғы өнерімізді жаңғыртуға негізделген.

-Бұл гимнастиканың адам денсаулығына пайдасы туралы айтып өтсеңіз. Қандай ауруларды емдеуге болады? -Қазақ гимнастикасы – омыртқа, буын, демікпе ауруларына таптырмайтын ем. Ал сал ауруына шалдығып, төсек тартқандар осы жаттығудың арқасында аяққа тұра алады. Жалпы аурудың көпшілігі остеохондроздан(сүйек шеміршек ауруы) басталады. Атап айтсақ, ішкі құрылыс және буын аурулары, бас аурулары, қан қысымы, қуық жолы, тағы да басқа аурулар. Адамда көпшілігіне сыртқы бұлшық еттер ғана жұмыс жасайды. Ал ішкі бұлшық еттер ұйқыда болады. Айкүне жаттығулары осы ішкі бұлшық еттерді оятып, адамның денсаулығын нығайтуға септігін тигізеді.

-Өзіңіз бұл жаттығуды қайдан үйрендіңіз?

-Бұрын мен спорттан жаттықтырушы болып жұмыс жасадым. 2014 жылы теледидардан Абай Баймағамбетовтың Айкүне жаттығулары туралы бағдарлама көрсетілді. Сол уақыттан бастап қызығушылық танытып, Абай ағайды іздеп тауып алдым. Ол кісіден арнайы дәріс алып, Айкүне жаттығуларын үйрендім. 2015 жылы Айкүне жаттығуын үйрету үшін арнайы сертификатын алдым. Қолының шипасы бар Азаматқа «Қазақстан халық емшілері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің халықтық және дәстүрлі емес медицина тәсілімен сауықтыруға құқық беретін арнайы сертификаты берілген. Үйінің ауласындағы шағын ғана сарайда дертіне шипа іздеген жандарды қабылдап, ем жүргізуде. Ауданнан Айкүне жаттығулары арқылы емдеу орталығын ашуға мүмкіндік болмай тұрған көрінеді. Орталық ашылса, өзінің білгендерін басқаларға үйретіп, шәкірттерін дайындап, сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуді қолға алғысы келеді екен. Азаматтың игі жоспарының жүзеге асуына біз де тілектеспіз.

Қ.Дүйсенбетов.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет