Жасыл алаңда – жас футболшылар

Жақында Жаңа Қаратон кентінде №4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Біз терроризмге қарсымыз» ұранымен мини футболдан жарыс өтті.

– Бұл спорттық шара Жылыой ауданының 90 жылдығы және спорт мектебінен жаңа ойын алаңының салынуына орай ұйымдастырылып отыр, – дейді аталған мектептің оқу ісі меңгерушісі Гүлфара Исахаева.

Жарысқа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2006–2007 жылғы футболшыларынан барлығы 8 команда қатысты. Ашылу салтанатында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Бекенов, Жаңа Қаратон әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы кеңес М.Әділов, №4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Ж.Құдайбергенов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Күннің суығына қарамай, командалар жақсы ойын көрсетіп, екі топтың үздіктері келесі айналымға өтті. Нәтижесінде, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) ойыншылары ақтық сында жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. 2-орынды №4 БЖСМ, 3-орынды №3 БЖСМ командасы иеленді. Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командаларына арнайы дайындалған кубок және дипломдар табысталса, үздік ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, шараға қатысқан командаларды Қайрат Мұсагалиев, Арай Жұмаева, Мұхит Қайрат және Нұрсұлтан Ахметовтер баптаған еді.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет