Жылыойлық спортшылар - жеңіс тұғырында

Қазан айының 5-7-сі аралығында Ресей Федерациясында Дағыстан Республикасының Хасавюрт қаласында 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер және ересектер арасында «Битва в Солнечное» атты халықаралық турнир өткен болатын.

Оған ауданымыздағы № 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аралас жекпе-жек спортының қатысушылары барып, жүлделі орындармен оралды. 57 кг салмақта №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аралас жекпе-жек спортының жаттықтырушысы Талғат Жұмағалиев аралас жекпе-жектен ересектер арасында І орынды иеленді. Аралас жекпе-жек жарысының гремплинг түрінен 34 кг салмақта Ерген Жолдыбаев ІІ орын, ал аралас жекпе-жек түрінен І орынды иеленді. 30 кг салмақта Мейрамбек Айғалиев аралас жекпе-жек түрінен І орынды жеңіп алды. Бұл жарысқа спортшыларды дайындаған – Талғат Жұмағалиев. Оның шәкірттері көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп келеді.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет