Теңізде өткен футбол Жылыой ауданының 90 жылдығына арналды

Мердігер компаниялар арасында сайысқа аудандық спорт бөлімі қолдау көрсетті. Оған «Сенімді құрылыс», «Сичим», «ССС», «МұнайгазҚұрылыс», «Саян», «Теңізмұнайқұрылыс», «НСС», «Карат» компанияларынан командалар қатысты.

- Бұл жерде жұмысшылар таңғы сағат 4-5 аралығында оянып, жұмыстан кешкі сағат 8-де келеді. Соған қарамастан кеніштегі жұмысшылардың кіші футболға ынтасы зор. Осындай турнирлерді жиі өткізуг қажет. Бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастарды біріктіретін шара, - дейді ауданы әкімдігінің Теңіз кеніші бойынша мемлекеттік инспекторы Орақ Бисембиев.

Екі күнге созылған турнир өз мəресіне жетіп, 1-орынды «ССС» компаниясы иеленді. Ал жүлделі екінші орынды «НСС» компаниясы еншілесе, үшінші орын «Сенімді құрылыс» компаниясына бұйырды. «НСС» компаниясынан Сәрсенбай Молдашев «Үздік шабуылшы», «ССС» компаниясынан Хамид Қожаниязов «Үздік қақпашы», «Сенімді құрылыс» компаниясынан Тимур Төлемісов «Үздік ойыншы» атанып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

- Шараның өтуіне атсалысқан «НСС» компаниясының басшылығына, спорт бойынша менеджері Марат Өскембаевқа, əділ төрешілік еткен Аслан Оспановқа, облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасына ризашылығымызды білдіреміз, - дейді О.Бисембиев.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет