Мерекедегі веложарыс

Сайысқа қатысушылар "Көктем" мейрамханасынан бастап, мәре "Хан-Шах" мейрамханасына дейінгі межеге дейін жүріп өтті. Сондай-ақ, шараға аудандық жедел жәрдем орталығы мен жергілікті полиция қызметі қатысушылар үшін жолдағы қауіпсіздікті қадағалады. Мәре сызығына бірінші болып келгендерді жастар ресурстық орталығы басшысы М.Қабиденов марапаттады.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды Жылыой мұнай газ технологиялық колледжінің студенті Мирас Укапов, II орынды аталмыш колледждің студенті Нұрлан Жолтаев, III орынды Қара-Арна ауылдық округі тұрғыны Қалиахмет Рамазан жеңіп алды. Мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан бұқаралық спортқа атсалысып, белсенді қатысқаны үшін жеңімпаздар мен қатысушыларға орталық атынан медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет