Қос ауылда спорт алаңы жоқ

Өткен аптада аудандық мәслихаттың кезектен тыс 25-сессиясы өтті. Онда 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.

Оған аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғановтар қатысты. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаты Талғат Майлыбаев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Дүсіпова 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады. Депутат Талғат Майлыбаев Қосшағыл мен Тұрғызба ауылының тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселесін ортаға салды. Ол - қос ауылда әлі күнге дейін спорт алаңдарының жоқтығы. Депутат ауылдарға шағын аяқдоп алаңын салып беру керек деген ұсынысын жеткізді. Аудандық мәслихат хатшысы 7-учаскедегі Құрсай өзегінен өтетін автөкөлік көпірі құрылысы, ал депутат Сәуле Мәмбетова қалаішілік жол құрылысы қашан басталатыны туралы сауалын жолдады. Сессияда көтерілген сұрақтарға орай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық құрылыс бөлімінің өкілдері жауап берді. Олардың жауабына қанағаттанбаған халық қалаулылары келесі сесияда көтерілген сауалдарға байланысты мәселелерді қайта қарайтын болып келісті. Жарыссөзге шыққан депутат Аманбек Мұқанов баяндамашының ауданда 2 жаңа балабақшаның іске қосылуы, ауданның 90 жылдығын атап өту үшінген бөлінген қаржының нақтылануы қуантарлық жағдай екенін атап өтті.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет