Осы турнирге Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің Шымкент, Алматы, Жамбыл қалаларынан дайындалған құрамалармен қатар Құлсары қаласының құрама командасы да қатысты. Спортшыларымыз алдыңғы Қазақстан чемпионатында және де басқа турнирлерде қарсылас командалармен кездесіп, тіресіп жүрген командалардың бәрін осы жолы тізе бүктіріп, Қырғызстан кубогін Құлсарыға алып келді. Жартылай финал және финалда жергілікті Қырғызстан құрама командаларымен ойнап, үлкен тәжірибе жинақтаған жылыойлық балалар бәрінен басым түсті. Осы турнирде Құлсары құрама командасының ойыншысы – шапшаңдығымен және мергендігімен танылған Әбдірахман Амандықов турнирдің «Үздік ойыншысы» атағына ие болды.

Бұл халықаралық турнир жерлестеріміз үшін алғашқы емес, атап айтсақ, Атырау қаласында өткен «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ға 95 жыл толуына орай 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында өткен турнирден І орынды иеленсе, Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында өткен U-14 ашық кубогінде ІІ орын мен жүлдені иеленіп, Бішкекте халықаралық 2004 жылғы жасөспірімдер арасында І орынға ие болды және Таукент қаласында халықаралық турнирде І орынға ие болды. Бұдан да басқа кіші жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Құлсары жасөспірімдер құрама командасының бапкері Қайрат Мұсағалиев және көмекшілері Марат Қадіржан мен Қадірбек Хамитов секілді азаматтардың еңбегі зор.

Ж.Шаңқанова.