Заңсыз газ сатқаны үшін ...

«Ақ Жайық» сайтының хабарлауынша, таяуда Құрманғазы аудандық сотында құлсарылық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол ешқандай ілеспе құжаттарынсыз мұнай өнімдерін сатқаны үшін айыпқа тартылған еді.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, А. есімді азамат белгісіз біреуден 40 тонна көлемінде сұйытылған көмірсутегі газын алған екен. Заңсыз иемденген газды таныстары арқылы автокөлік жалдап, көршілес орналасқан Ресей мемлекетіне өткізіп, сатып жібермекші болады. Бірақ бұл әрекетін құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан әшкерелеп, күдіктіні темір торға қамады.

- Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 197-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни «Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз ірі мөлшерде оларды тасымалдап, иемденіп, өткізгені» үшін айыпталды,-дейді облыстық КМД Экономикалық тергеу қызметінің баспасөз қызметі.

Сотта күдіктінің қылмысы толықтай өз дәлелін тауып, ол бір жыл жарымға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Е.Есенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521