Мұнай мен газ тақырыбына тән ерекшеліктер

Таяуда Атырау қаласында «Салалық журналистика: мұнай және газ тақырыбына тән ерекшеліктер» атты семинар-тренинг өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған алғашқы басқосу, негізінен, осы салада қалам тербеп жүрген жас тілшілердің қарым-қабілетін шыңдауға бағытталды.

Дегенмен оған мұнай-газ тақырыбының жілігін шағып жүрген журналистер де қатысты. Дәлірек айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының БАҚ өкілдері келіп, семинар аймақтық сипат алды. Атырау қаласындағы «Шағала» қонақүйінде өткен семинарды «Шеврон» компаниясының қолдауымен тәуелсіз журналист, тренерлер Елена Бутырина мен Асия Акишевалар ұйымдастырды.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею және Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобалары нормативтік-құқықтық бөлімінің менеджері Нұртас Кенғанов Теңіз кенішінде салынып жатқан Үшінші буын зауытының жалпы құрылыс қарқынымен таныстырып, өндірістік көрсеткіштерге шолу жасады. Соңынан спикер журналистер сауалына жауап қайтарды. Түстен кейінгі бөлек сессияда журналистер еліміздің ғана емес, әлемдегі мұнай-газ саласының құрылымы хақында мағлұмат алды. Қара алтын қоры, мұнай бағасы, дүниежүзіндегі мұнай өндіруші ірі мемлекеттер мен ондағы алпауыт компаниялар, Қазақстанның рөлі мен орны, Теңіз, Қарабатан, Қарашығанақ кен орындарының өзіндік ерекшеліктері, мұнай-газ тасымалы, олардан ақпарат алу тетіктері, басқа да өзекті тақырыптардың сыры ашылды.

Семинарға «Шевронмұнайгаз» компаниясының БАҚ-пен байланыс жөніндегі координаторы Айнұр Сыдықова, «Теңізшевройл» ЖШС-нің Үкіметпен және жергілікті халықпен байланыс бөлімінің өкілі Света Қайырғалиевалар қатысып, бірқатар мәселелер бойынша түсінік беріп отырды. Соңынан қатысушылар арнайы сертификатқа ие болып, ескерткіш фотосуретке түсті.

Е.Қошақанов.

Оцените материал
(0 голосов)
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет