Күзгі бал жастардың көңілінен шықты

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінде "Алтын күз" атты мерекелік ашық шара өтті.

Колледждің әр мамандықта оқитын студенттері өз өнерлерін ортаға салды. I-II курс студенттері арасында ұйымдастырылған сайыс 6 номинация бойынша өткізілді. Студенттер ойындар ұйымдастырып, әртүрлі ұлттың билерін билеп, жақсы атсалысты. Қатысушылар қиялына ерік беріп, түрлі әдемі киімдер киіп шықты. Қолөнер бұйымдары мен ас мәзірінен де сайыс өтті. Күзгі кештің ханзадасы мен ханшайымын таңдау қазылар алқасына оңай соқпады.

Нәтижесінде, балдың ең әдемі деп танылған 3 жұбы дипломмен марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Әдемі кеш әсем бимен өз жалғасын тапты. Жастар үшін бұл есте қаларлық кеш болды.

–Шара мақсаты –күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту. Күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, студенттерге мерекелік көңіл-күй сыйлау болатын, – дейді ұйымдастырушылар.

Қ.Нұртайұлы.

Оцените материал
(0 голосов)
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет