«Бастау» жобасы Жылыой ауданында қорытындыланды

Бүгін Жылыой ауданында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Бастау» жобасының 9 түлегі өз бизнес жоспарларын қорғады.

Бұл осы жылға жобаның соңғы 6-легі бойынша кәсіпкерлік білім алғандар. Бастапқыда кәсіпкерлік оқуларын ауыл адамдарының арасында өткізу көзделген болатын. Алайда биыл олардың қатарына қала тұрғындары да қосылды. 2018 жылғы көрсеткіш бойынша аудан бойынша бизнес сабақтарына барлығы 175 адам оқыған. Жоба бойынша 6 топ 1 айлық кәсіпкерлік курстарынан өтті. Олардың 35-і мемлекеттік қолдау шаралары арқылы 311 650 000 теңге көлемінде несие рәсімделді. Сонымен қатар, «Бастау» жобасын бітірген 3 тыңдаушы бір реттік арнайы грант иеленді.

–«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырған кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Бастау» биылғы жұмысын тәмамдады. «Бастау» бойынша бизнес ілімдерін оқуға сұраныс көп болды, сондықтан биыл қала тұрғындарын да оқыту қолға алынды. Жоба бойынша қатысушылар кәсіпкерліктің 12 модулі бойынша оқытылады», – дейді жобаның Жылыой ауданы бойынша бизнес тренері Ерлан Нұрланов.

Еске салсақ, «Бастау» жобасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыт аясында жүзеге асырылуда.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет