Егіншілік дамып келеді

Биыл ауданымызда 172,5 гектар жерге көкөніс бақша дақылдары егілген.

Оның ішінде 40 га көкөніс, 127,5 га бақша 5 га картоп дақылдары. Одан 650 тонна көкөніс, 2036 тонна бақша өнімдері алынған.

– Аудан бойынша 12 шаруа қожалығы егін салды. Оның ішінде «Асер» шаруа қожалығы 10 га, «Бірлік» шаруа қожалығы 5 га жерге тамшылатып сурау әдісін қолданды. «Атырау-Сауда» ЖШС жылыжайының жобалық қуаты – 480 тонна қияр, 350 тонна қызанақ, 185 тонна бұрыш. Барлығы 1015 тонна өнім алынады деп жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс көлемі 15 пайызға артық орындалды. «Аман-Есен» шаруа қожалығы жетекшісі Мұрат Исағалиев 50 гектар жерге көкөніс, бақша дақылдарын егіп одан 88 тонна қызанақ, 105 тонна қияр, 3 тонна жуа, 600 тонна қауын-қарбыз барлығы 796 тонна өнім жинауға қол жеткізді, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.

Егіншілер өз өнімдерін ауданда апта сайын өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне нарықтық бағадан төмен бағамен сатып отыр. Сондай-ақ, көршілес облыстарға, аудандарға да өз өнімдерін шығарды. Сонымен қатар, аудандағы әл ауқаты төмен тұрғындармен мүгедек жандарға арналған қайрымдылық іс-шараларға да тұрақты түрде қатысып келеді.

Қ.Дүйсенбетов.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет