Болатты тоқтаусыз құятын «машина» Түркиядан әкелінеді

Кезінде республикалық үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында аудан аумағында іске қосылған үш жобаның бірі «Металл-Продукт» ЖШС-нің жылына 30 мың тонна металл жаймаларын шығаратын комбинаты еді.

Бүгінгі таңда күніне 20-25 тонна аралығында өнім өндіріп тұрған зауыттың шығарып жатқан металл жаймалары нарық бағасынан біраз төмен екен. Бұл жөнінде Арман Бердалин бастаған республикалық мониторингтік топтың ауданға сапары барысында мәлім еткен серіктестіктің бас инженері Ерғали Құлтаев маман тапшылығы мәселесін де көтерді.

Осыдан он жыл бұрын ауданға қоныс тепкен Ерғали Құлтаев Қарағанды қаласында оқып, металлургия мамандығын алған. Елбасы еңбек еткен Теміртау металлургия комбинатында жұмыс жасапты. Қайыржан Құлтекеновтің шақыртуымен «Металл – Продукт»-ке жұмысқа орналасқан ол маман тапшылығын шешу үшін жергілікті жігіттерді өзі оқыта бастаған. Ол үшін жеке кәсіпкерлік ашып, жастарды екі-үш айлық курстан өткізіп, зауыттың өзінде тәжірибеден өткізіп келеді. Қазіргі таңда серіктестікте еңбек етіп жатқан жұмысшылардың дені осы Құлтаевтың «шекпенінен шыққандар».

Бас инженер алдағы жылдары металл жаймаларын шығаратын комбинатқа жаңа технологиялық процесс енгізілетінін мәлім етті. Зауытқа болатты тоқтаусыз құятын «машина» сатып алынбақ. Ол үшін алдағы қараша айында түріктік компаниямен келісім шарт жасақталады. Егер ол сәтті жүзеге асса, онда аталған алып қондырғы Түркияда құрастырыла бастайды. Келер жылы ондағы мамандар өздері тасымалдап, жеткізіп, қондырғыны комбинатқа орнатып береді.

- Сонда комбинат тоқтаусыз жұмыс жасап, өнімділік те арта түседі,-дейді Е.Құлтаев.

Е.Қошақанов.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет