Түйе сүтін кәсіпке айналдырған әйел

Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай ауылының тұрғыны Камила Қонарбаева ата кәсіпті қолға алып, түйе малын өсірумен айналысуда.

Ол түйе өсіру пайдалы кәсіп деп есептейді. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы қызметкерлерінің қолдауымен «Бастау бизнес» жобасының бір айлық курсын тамамдаған. Жақында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан несие алып, түйе малын сатып алды. Түйенің сүтін сауып, өнімін сатып, кәсібін бастап та кетті.

- Қолымдағы азын-аулақ малымды бағып жүргенде «Түйе малын қалай көбейтсем болады?» деген ой мазалайтын. «Осы арманымды қалай жүзеге асырамын?» деген оймен ауданымыздағы Кәсіпкерлер палатасына бардым. Ол жерде «Бастау бизнес» бағдарламасымен танысып, қатты қызықтым. Сәтін салғанда 1-топтың 1 айлық курсы басталғалы тұр екен. Осы топқа ілігіп, бизнес-тренер Ерлан Нұрланұлы бизнес әліппесін оқытып, бағыт берді. Оқу барысында тәжірибеме сүйене отырып, бизнес жоспарымды бизнес-тренермен бірлесе отырып жасадым. Жобамды комиссия алдында сәтті қорғап шықтым. Бас-аяғы 1 айдың ішінде бизнес жоспарымда көрсетілген қаражатты «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан алдым. Ол қаражатқа 8 түйе малын сатып алып, ойымдағы жобаны жүзеге асырып отырмын,- дейді кәсіпкер Камила.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет