Шағын кәсіпкерлік дамып келеді

Жылой аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтың берген мәліметі бойынша, облысымыздағы «Ауылдық жерде шағын және орта бизнесті дамыту» бағдарламасы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға серпін беруде.

Оның ішінде ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түрлерін қаржыландыру да бар. Жақында Қосшағыл ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Берген Сатыбалдиев аталған бағдарламаға қатысып, 12 млн теңге несие алуға қол жеткізді. Ауыл тұрғындары үшін кәсіп ашуға несие жылына 7 пайыз өсіммен беріледі. Кәсіпкер несиені 4 жылға алып отыр. Тиімділігі бұл несиенің үстіндегі өсімі 2,1 млн теңге болып отыр, яғни 14,1 млн теңге қылып қайтарады екен. Берген несиеге алған қаражатына су жаңа «Toyota Hilux» автокөлігін сатып алды. Енді Теңіз кен орнындағы мекемелермен келісімшартқа отырып, қызмет көрсетуді жоспарлап та қойған.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет