«Бастау» жобасы оған қатысушылар цифрлық сауаттылықты арттырады

Биыл «Бастау» жобасы бойынша бизнес-жаттықтырушылар «Атамекенде» өтетін дәрістерде, онлайн режимде де біліктілігін арттырумен үздіксіз айналысуда.

Олар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселесін қарастырып отыр. Оның негізіне базалық цифрлық машық, электронды сауда және ашық үкімет кіреді.

-Бүгінде шалғай аудандар мен ауылдарда барлығы бірдей ғаламторды қолдана алмайды. Электронды үкіметтің мүмкіндіктері туралы хабарсыздары да бар. Ашық үкіметке көпшілік әлі де сене бермейді. Адамдар тіркеледі, электронды талон алады және бәрібір де қызмет көрсету терезесіне барады. Ашық үкімет анықтама алу, тіркелу жұмыстарында уақытты айтарлықтай үнемдейді. «Бастау» қатысушысының бірімен электронды қолтаңба аламыз. Одан кейін қажетті анықтамаларды басып шығарамыз. Бар болғаны 30 минут уақыт кетеді. Осыны түсіндіргенде «Жай ғана ма?! Осы анықтама үшін бір апта кезекте тұрдым» дегенді жиі естиміз. Аудан тұрғындары «Бастау» жобасына бірінші рет қатысып отыр. Олардың жобалары, негізінен, ауылшаруашылығы және ауылшаруашылығына жатпайтын бизнес түріне арналған. Биыл «Атамекен» ҚР ҰКП «Бастау» жобасы арқылы 30 мың адамды оқытуды жоспарлап отыр. Бұл жоба нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Биылғы мақсат – республика көлемінде 6 мың жаңа бизнес-жобаны іске қосу. Әрбір жоба жаңа табыс көзін ғана емес, жаңа жұмыс орнын ашады,-дейді «Бастау» жобасы бойынша бизнес-жаттықтырушы Ерлан Нұрланов.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет