Шетелдік компанияның қолдауы

Жақында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Шараға "Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент" компаниясы демеушілік жасады. Компанияның Қазақстан аумағы бойынша директорының орынбасары, қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Амин Мустафа ауданымыздағы 75 тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі жанның әрқайсысына 15 мың теңге көлемінде азық-түлік алуға болатын купон табыс етті. Осы купондармен олар "Тамаша" супермаркетінен қажетті тауарларын ала алады. Бөлім басшысы Серік Қамидолла аталған компанияның ауданымыздағы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына атсалысатынына сенім білдірді. Көмекке ие болғандар Рамазан айында көңіл білдіріп, сый жасап жатқан компания ұжымына ризашылығын білдірді.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет