«Bastau Бизнес» жобасы өңірлерде жаңа бизнес көздерін ашады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Bastau Бизнес» жобасы жүзеге асуда.

Жоба мақсаты - өңірлердегі жаңа бизнес көздерін ашу. Сәуір айынан бастап ауданымызда кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарлар ұйымдастыру қолға алынып отыр. Ауданымызда аталған жоба бойынша жұмыс жасап жатқан бизнес-тренер Ерлан НҰРЛАНОВПЕН әңгімелескен болатынбыз. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елді мекендерде, аудан орталығында тұратын, Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) құқылы. Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар, маркетинг негіздерінен тұрады.

Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмегі бар. Бизнес жобасын қорғағандар 6 пайыздан басталатын жеңілдетілген ауылшаруашылық және ауылшаруашылығы емес бағыттардағы несиеге қол жеткізеді. - Ерлан Нұрланұлы, жоба мақсаты туралы толығырақ түсіндіріп өтсеңіз. - Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отырған жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту, оның ішінде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын үйретеді. -Жобаға қалай қатысуға болады? -Жобаға қатысу үшін міндетті түрде тестілеуден өту керек.

Бұл сынақ кәсіпкерлікпен айналысу қабілетін анықтайды. Жоба 6 лектен тұрады. Бірінші топ 16 сәуірден бастап, 15 мамырға дейін, ал екінші топ 23 мамыр мен 25 мамыр аралығында тестілеуден өтеді. Тренинг 28 мамыр мен 22 маусым аралығында оқытылады. Әрі қарай қалған топтарға ұйымдастырылады, соңғы 6-шы топ 29 қазан мен 23 қараша аралығында оқып, аяқтайды. -«Bastau Бизнес» жобасының елімізде өткізіліп жатқан басқа да бизнеске үйрету жобаларынан артықшылығы неде? -«Bastau Бизнес» жобасының ең басты артықшылығы – тегін. -Бұл тренингтен қатысушылар не алады? -Оқу барысында көпшіліктің алдында сөйлеу машығы үйретіледі. Бұл алдағы уақытта бизнес-жобаны комиссия алдында қорғауға септігін тигізеді. Тиісті қаржылық институттардың несиелік комиссия алдында да қорғағанда қажет. Жалпы бұл жоба ауыл тұрғындары үшін өте пайдалы. Тестілеуден өтіп, оқу процесіне қабылданған білім алушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Оқуды аяқтап, сертификат алған азаматтарға семинарға қатысқаны үшін стипендия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оқыту бағдарламасының базалық негізі 12 модульден, яғни салық салу режимдері, осы саладағы заңнама туралы, бизнес ашу үшін талап етілетін бағыттар, маркетинг негіздерінен тұрады. Бұдан басқа, оқыту курсы барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде, бизнес-жоспар жасауда және қаржы алуда көмегі бар.

Бизнес жобасын қорғағандар 6 пайыздан басталатын жеңілдетілген ауылшаруашылық және ауылшаруашылығы емес бағыттардағы несиеге қол жеткізеді. Қаржыландыру шешімі шығарылған соң Кәсіпкерлер палатасының филиалы іске қосылған бизнес-жобаларды 12 ай бойы сүйемелдейтін болады. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елді мекендерде, аудан орталығында тұратын, Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек) құқылы. Биылдан бастап тек ауыл тұрғындарымен бірге қала тұрғындары да оқытылуда. -Жобаға қатысуға ниет білдірген аудан тұрғындары не істеуі керек, қайда барып жолығады? -Тренингке қатысу үшін тұрғындар Жұмыспен қамту орталығына немесе Кәсіпкерлер үйіне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп жолығуға болады. -Әңгімеңізге рахмет.

Қ.Дүйсенбетов.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет