Дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр болды

Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Рысты Мұқанованың хабарлауынша, таяуда ішкі істер бөліміне 40 жастағы әйел адам арыздана келген.

Оның шағымындағы хабарламаға сүйенсек, ол өзінің заңды түрде ажырасып кеткен бұрынғы күйеуімен бір шаңырақтың астында тұрып келген екен. Бірақ қайта қосылса да, жолдасы баяғы «әніне» басып, әйеліне себепсіз тиісіп, ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтып, балағаттап, отбасының берекетін кетіреді. Құдайдың құтты күні үйдің құтын қашырған отағасы ақыры оны балаларымен бірге үйінен қуып шығыпты. Жәбір көрген нәзік жанды құқық қорғау органы қызметкерлері далада қалдырған жоқ. Екі баласымен бірге Атырау қаласындағы Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету орталығына орналастырды.

Жалпы алғанда, жыл басынан бергі 9 айдың ішінде ішкі істер бөліміне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 8 әйел адам көмек сұрай келді. Олардың көкейде жүрген көп сауалына нақты жауап беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

Е.Бисекенұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Қараша 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет