Осы аптада ауданымызға бір топ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері арнайы іссапармен келді. Халық қалаулылары, алдымен, «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Мұнайшылармен өткен кездесуді аудан әкімі Азамат Бекет ашып, депутаттардың ауданымызға келу мақсаты туралы түсіндіріп өтті.