Тамақтан уланудын алдын алу

Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады.

Тамақтан улану - ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.

Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.

Табиғаты бактериалды тамақтан улану - белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен тікелей байланысы;белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; Әлсіз организм улануымен өтеді. Тамақтан улану (К.С.Петровский ұсынысы бойынша) Микробты: Токсикоинфекция, Токсикоз, Микотоксикоз.

Микробсыз: өсімдік текті азықтар, жануар ,улы химиялық заттар.

Ерекшелігі: маусымдылығы айқын, жасырын кезеңі ұзағырақ. Дене қызуы көтеріледі. Ағымы тек қана жедел болады. Бір аспен 2-ші ас байланысты жаппай улану айқынырақ. Летальдылығы төмен.

Микробсыз тамақтан уланудың ерекшелігі: Маусымдылығы жоқ. Жасырын кезеңі қысқа (2 сағатқа дейін). Дене қызуы көтерілмейді. Ағымы жедел және созылмалы болуы ықтимал. Жиі 1-ші және 2-ші аспен байланысты. Жаппай уланудан айқындылығы аздау. Токсикоинфекциялар - микроорганизммен көп дәрежеде тұқымданған (1 мл немесе 1г азықта 10,6-10,7) тағам мен азықтардың тұтынудан туындайтын жаппай кездесетін ауру.

Токсикоинфекцияны тудыратын шартты патогенді микроорганизмдер: Ішек таяқшалары-Е.coli:Протей таяқшасы; Cl.perfringens; Bac.cereus; Микробсыз тамақтан улану. Микробсыз тамақтан улану микробы улануға қарағанда жалпы уланудың 5-10 %-н құрайды. Уланудың бұл тобына өсімдік текті азықтармен, жануар, улы химиялық заттардың тағам құрамына түсуінен туындайтын аурулар жатады.

Микробсыз тамақтан улану түрлері. Улы өсімдік текті өнімдермен, саңырауқұлақтармен, дәнді дақылдың арам шөптерінің улы тұқымдарымен улану (арамшөптік токсикоздар). Белгілі жағдайда улылық қасиетке ие жануар текті азық-түліктермен улану. Тамақтан улану профилактикасының негізгі ұстанымдары. Инфекция көзін оңашалау, тамақтан улануды шақыратын қоздырғыштардың азық-түліктерде тұқымдану жолдарын үзу. Эпидемиологиялық жағынан қауіптілік туғызатын азықтарды заласыздандыру, микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзудің алдын алу.

Тамақтан уланудың профилактикасы

1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз.

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз.

3.Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз.

4.Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз.

5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек.

6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз.

7.Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.

8.Ас үйді таза ұстаңыз.

9.Таза суды пайдаланыңыз.

10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.

ЖанарТөлеуішова,

аудандық ҚДСБ санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық

регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521