Мемлекеттік қызметшілер денсаулықтарын тексертті

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қазан айында мемлекеттік қызметшілерге арналған бір айлық «Денсаулық» акциясы өтті.

Осыған орай, аудан әкімі аппаратына қарасты барлық мемлекеттік қызметшілер жаппай профилактикалық-медициналық қарап тексеруден өткен болатын. Олар көбіне көз дәрігері мен оташыға жүгінді. Өйткені қызмет барысында уақыттың көп бөлігі компьютермен отырып жұмыс жасауға жұмсалады екен.

Сонымен қатар, қызметшілер өздерінің қан қысымын, бой-салмақтарын өлшетіп, денсаулықтарына байланысты кардиолог пен терапевт мамандардың ақыл-кеңестерін алды. Сондай-ақ қан құрамындағы қант мөлшерлерін анықтатып, жүрек пен өкпе тазалығын анықтау мақсатында флюорографияға түсті.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет