Тұмаудан қорғанудың жолы қандай?

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) – тыныс жолдарының, мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың, тіпті өкпенің эпителий жасушаларын зақымдайтын вирусты инфекция.

Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілісі – тұмаудың вирусы.

ЖРВИ – ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен тыныс алу ағзалары арқылы келеді. ЖРВИ кезінде бірінші кезекте тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ тез таралады. Қоздырғыштар жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады. ЖРВИ әдетте жіті, күтпеген жерден басталады. Жұқтыру мен ауру арасында орташа алғанда шамамен 2 күн өтеді. Ауырар алдында адамды мыналар мазалау мүмкін: шаршау сезімі, әлсіздік, ашуланшақтық. Бұдан әрі бұл белгілер көбейеді, бас ауырады, қатты әлсіздік, бұлшықеттер сырқырайды, дене қызуы жоғарлауы мүмкін, терлегіш болады. Тұмау, тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы мүмкін.

Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:

• Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде бетперде кию;

• Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;

• Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;

• Бөлмені жиі желдету;

• Салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі. Тұмау ауруының алдын алудың бірден-бір жолы – тұмауға қарсы екпе алу. Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті қараша мен наурыз айлары аралығында болады және екпе алғаннан кейін организмде иммунитет пайда болғанға дейін 8-12 күнге дейін уақыт керек.

Аудан бойынша халықтың неғұрлым осал топтары (60 жастан асқан адамдар, созылмалы өкпе, жүрек-қантамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер, сәбилер және балалар үйлерінің балалары) тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, тұмауға қарсы егу ақылы түрде ауданымыздың барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Тұмауға қарсы вакцинация алғандар ауырмайды немесе екпе жүргізілгеннен кейін тұмаумен ауырғанымен, ауру жеңіл түрмен өтеді. Сондықтан аурудың алдын алатын барлық шараны дер кезінде қолдану тұмаудың тарауына кедергі бола алады.

Н.Жекенова,

бас маман.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет