Скринингтен өттіңіз бе?

Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгінгі күнде бұрынғы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы болғанын қаперлеріңізге бере отыра төмендегі мәліметтерді жолдайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі халық арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтерінің жұмыстарын атқаруда. Бүгінгі күнде басқарма «Қауіпсіз тағам таңда!», «Өз денсаулығың өз қолында!» (скрининг), «Таза қолдар» (жіті ішек ауруларының, ауруханаішілік жұқпалы аурулардың алдын алу), «Ұнды байыту (фортификациялау)», «Алға қадам!» (ВИЧ/СПИД және наркоманияның алдын алу) тақырыптарында насихаттау жұмыстарын, тамақ өнімдерін дұрыс таңдау, тамақтану рационында тұз, қант және май топтамасын пайдалануды шектеу. Қауіп-қатер факторларын ерте анықтау барысында ұлттық скрининг бағдарламасына сай уақтылы скринингтердің жүріп отыруы. Скрининг – арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлар мен ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеріс. Скринингтен келесі жастағы тұлғалар өтеді:

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы ер және әйел адамдар - скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау:

- артериалдық қан қысымын өлшеу;

-қандағы холестерин мен қанттың деңгейін анықтау;

-айғақтар бойынша – электрокардиография;

-айғақтар бойынша кардиолог пен эндокринологтың қарауы;

40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ер және әйел адамдар:

- скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау;

-көз іші қысымын өлшеу.

30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйел адамдар: - скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау;

- жатыр мойыны жағындысын цитологиялық зерттеуден өткізу;

- акушер-гинекологтың қарауы, айғақтар бойынша-кольпоскопия.

50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйел адамдар:

- скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау;

- сүт безін рентгенологиялық зерттеуден (маммография) өткізу;

50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ер адамдар:

- скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау;

- қуықасты безі телімді антигені мен оның түрлеріне қан талдауы;

-урологтың қарауы, айғақтар бойынша ультрадыбыстық зерттеуден өткізу ,биопсия жасау.

50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы ер және әйел адамдар:

- скрининг-тест бойынша саулнама жүргізу, мінез-құлықтық қауіп факторларын анықтау;

- асқазан және өңешті эндоскопиялық зерттеуін (эзофагогастродуоденоскопия) өткізу;

- айғақтар бойынша гастроэнтеролог, онкологтың қарауы. Бауыр циррозы бар ер және әйел адамдар:

-альфа-фетопротеинге қанды талдауы;

-бауырды ультрадыбыстық зерттеуден өткізу;

-айғақтар бойынша бауырды компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияға тусіру.

Мінез-құлықтық қауіп факторлары: дененің артық салмағы, дене белсенділігінің төмендігі, шылым шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну. Уақтылы өзіңіз тіркелген медициналық ұйымда скринингтен өту тегін екенін қаперіңізге бере отыра ауырып ем ізденгенше, ауырмаудың жолын іздейік дегім келеді.

Бақыт Елеусинова,

Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық және мониторинг бөлімінің жетекші маманы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет