Енді емхана қағаз жазбайды

Аудандық емханада медицина қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтті. Оған Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева арнайы келді.

Жиналыста отбасылық дәрігерлердің жұмыстары, медицина саласында жаңадан қабылданып жатқан бағдарламалар талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Аймурзиева "Аудандық емхана шілдеге дейін қағазсыз емханаға көшеді. Науқастар электронды кезекке тұрып, сол уақытта қарала алады. Дәрігерлер дәрілерді уақытында ала алады" деді. Келесі сөз кезегін алған Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының президенті Дамиля Нұғманова дәрігерлердің жұмыс орнына жағдай жасалып, науқастарды дұрыс көңіл бөліп қарауы керектігін айтты. Емхананың бұрынғы ескі типте салынғанын айтып, жаңа заманауи емдеу нысанының жобасын ұсынды. Бұл жобаны сол жердегі барлық дәрігерлер қолдады.

Жиналысқа қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрадин Өмірбаев пен "Нұр Отан" партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов науқастардан түскен арыз-шағымдарға байланысты мәселені қозғады.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Аймурзиева мен Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының президенті Д.Нұғманова "Жаңа технологияларды қолдану арқылы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру" туралы меморандумға қол қойды.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет