Вирусты инфекциямен балалар науқастануда

Аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Б.Бекарыстанова балалар арасында жиі кездесетін мына вирусты инфекция жөнінде хабарлап, тұрғындарды аса сақ болуға шақыруда.

Асқазан-ішек жолдарының қабынуымен жүретін жедел вирусты инфекцияның атауы - ротовирусты энтерит деп аталады. Ауру 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Аудан бойынша өткен 2017 жылы бұл аурумен 50 адам сырқаттанса, соның 48-і 14 жасқа дейінгі балалар болып шықты. Ал 2018 жылдың бірінші тоқсанында ротовирус жағдайы тіркелмеді.

-Қоздырғыш көзі: науқас адам. Ротовирус сулы жерде, өзен, теңіз, көлде кездеседі. Фекальды-оральды, су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы жұғады. Ауру жедел дамиды. Инкубациялық кезеңі 15 сағат - 7 күнге дейін. Ал белгілеріне тоқталсақ, дене қызуының көтерілуі -37,9 -38С-тан жоғарылайды, асқазан тұсында ауырсыну, жүрек айну, құсу пайда болып, нәжіс сұйық, жиі, өткір иісті болады. Ауыр интоксикацияға, сусыздануға байланысты жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі қатар жүреді. Жұқпалы аурудың алғашқы белгілері басталысымен, өздігінен ем іздемей дәрігерге қаралып, асқынудың алдын алған жөн,-дейді Б.Бекарыстанова. Әрине, ол үшін, ең алдымен, жеке бас тазалығына мән берген жөн. Сонымен қатар кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау; ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу; тек қайнатылған су ішіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жуып жеу маңызды.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет