Ұстаздар ұйытқысы

Кәсіподақ өз мүшелерінің құқықтарын, еңбек және тағы басқа әлеуметтік, экономикалық мүдделерін қорғайтын, олардың кәсіби мақсатының ортақтығы негізінде ерікті түрде құрылатын, Жарғымен бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестік болып табылады.

Жақында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» Жылыой аудандық комитетінің конференциясы өтті. Онда аталған ұйым төрайымы Гүлайым Төребекова 2016-2018 жылдардағы атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндама жасады.

- Үш жыл ішінде кәсіподақ ұйымы ұстаздардың жұмыспен қамтылуына, жұмыс уақытының дұрыс сақталып, жалақының дұрыс есептеліп, төленуіне, дұрыс демалып, денсаулығының жақсаруына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарды. Халықаралық әйелдер мерекесінде, Ұлы Жеңістің 72, 73 жылдықтарында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Ұстаздар күні, Наурыз мерекесіне, жаңа жылға байланысты мерекелік шаралар, кездесулер өткізілді, - деді ол. Одан әрі төрайым Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен Жолдауларының ұстаздар арасында қызу талқыланып, қолдау тапқанын, жұмыста басшылыққа алынғанын айтты.

Кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау бағытында көрме, дөңгелек үстел, кездесу сынды тағы да басқа шаралардың жоспарлы жүргізілгендігін тілге тиек етті. Баяндаманы қызу талқыға салған конференция делегаттары Гүлайым Төребекованың жұмысына оң бағасын берді. Конференцияда сөз алған облыстық ұйым жетекшісі Қылышбай Сүндетов аудандық ұйымның жұмысы облыс бойынша алда келе жатқанын айтып, болашақта да толымды табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді. Басқосуда облыстық конференцияға делегаттар, аудандық комитет мүшелері сайланды.

Н. Жақтасов.

Видеолар

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет