Ер мұғалімдер неге аз?

Мектепте оқитын әрбір қыз бала өзінің мұғалім апайына ұқсағысы келсе, ер балалар ағайына еліктеп ержетеді. Өзіміз де сол мектептегі дене тәрбиесі, еңбек, алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін ағайлардың айналасында жүретінбіз. Жалпы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімнің атқарар рөлі басым.

Өкінішке орай, қазіргі қоғамда біз алаңдайтын үлкен бір мәселе бар. Ол – білім ошақтарындағы ер мұғалімдердің тапшылығы. Ер мұғалімдердің аздығынан қазақтың жігіттері қызға тән қасиетті бойына сіңіріп, қатты айтқанда, ынжыққа айналуда.

Жастар арасында әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуден қашып, жалтақтау да мектептегі ағайлардың қатал тәрбиесін көрмегендіктен орын алып отыр деп ойлаймын. Бұл ерлердің мұғалімдік салада төбе көрсетпеуінің салдары деп ойлаймын. Ер балаларды мектеп жасынан нағыз ерге тән қасиет пен мінезге, өжеттілік пен батырлыққа, батылдыққа тәрбиелеген дұрыс.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №8 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521