Білім сайысы республикалық олимпиаданың III кезеңі өтті

4-5 қаңтарда Атырау қаласында өткен республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңіне ауданнан 37 оқушы қатысты.

Екі күнге созылған білім додасында орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі, биология, география пәндерінен жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар болды. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, Білім беру басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Қазақстан тарихы пәнінен №4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ф.Аманғалиева, құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Д.Марат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №10 орта мектептің 10-сынып оқушысы Г.Рыспаева, №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Л.Әлімова І орынды иеленді.

Қазақстан тарихы пәнінен №22 орта мектептің 10-сынып оқушысы А. Тапаев, мемлекеттік тіл пәнінен №2 орта мектептің 9 сынып оқушысы А.Гарифова, №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Г. Төлегенова, география пәнінен №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы А.Қанатқызы ІІ орынға ие болды.

Мемлекеттік тіл пәнінен №18 мектептің 10-сынып оқушысы М.Ахмед, биология пәнінен №13 мектептің 9-сынып оқушысы Қ.Маумен, орыс сыныбындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен №18 мектептің 9-сынып оқушысы Н.Аманғалиева, №9 мектептің 10-сынып оқушысы Г.Жанғалиева, ағылшын тілінен №19 мектептің 9-сынып оқушысы А.Расул, география пәнінен №9 мектептің 11-сынып оқушысы Д.Байтаңат ІІІ орынды иеленді.

Білімге деген ынтасы үшін №6 мектептің 11-сынып оқушысы Р.Сабырова (орыс тілі мен әдебиеті), №1 мектептің 11-сынып оқушысы М. Штаконова (орыс тілі мен әдебиеті), №8 мектептің 10-сынып оқушысы Бектұрғанова Перизат (химия) облыстық Білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Жылыой ауданы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мемлекеттік тілден №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Г.Төлегенова, Қазақстан тарихы пәнінен №4 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ф.Аманғалиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №7 Е.Халықов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Л.Әлімова республикалық олимпиаданың IV кезеңіне жолдама алды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521