Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 8 5-16-83

«Сіз болмасаңыз, біз болар ма едік?»

Ұлы Отан соғысы ардагері Қапес Ибраевты Жеңіс күнімен құттықтаған аудан әкімі Азамат Бекет оған облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Серік Қамидолланың арнайы құттықтау хатын және «Сулпак» дүкендер желісінің төлем картасын табыстады.

Сондай-ақ аудан әкімшілігі атынан сплит-жүйесін сыйға тартты. Аудан басшылары бұдан басқа тыл ардагерлері: құлсарылық Сагадат Юсупова, тұрғызбалық Қоғабай Молдағалиев және ақкиізтоғайлық Сәнім Өтеғұловалардың үйіне арнайы барып, амандасып, әңгімелесіп, мерекелік Құттықтау хат пен гүл шоқтарын сыйлады.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

Суретті түсірген: А.ДОЛЫБЕКОВА

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?