Қаптан ұрланған қант

Жақында қаламызда орналасқан дүкендердің бірінен қант алуға барғанмын.

Халық арасында осы шағын қапшықтарға 5 килограмнан салынып сатылатын қанттардың кейбірінің салмағы кем болып шығатыны туралы еститінмін. Сол сөз есіме түсіп кетіп, қолыма алған шағын қапты дүкеншінің алдындағы таразыға қоя салдым.

Сөйтсем, сыртында бадырайып 5 кг деп жазылған қантым 4 кг 700 граммнан сәл-ақ асып тұр. «Мынауыңыз 5 келіге жетпей тұр ғой» деп дүкеншіге айтсам, ол таразыда тұрған қапшықты қолымен басып қалып еді, 4 кг 800 граммнан бір-ақ шықты. Бірақ қанша басса да ол әрі қарай ауырламай қойды. Сонда өлшеп тұрған таразы да қаттырақ басса, 100 грамды бір-ақ қосатын болып тұр ғой. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, дүкенші «Бізге заводтан солай келеді» деп қойып қалды. Жалпы сатушыларға сауда әдептері мен міндеттерін сақтауды үйреткен дұрыс болар еді. 72 үлкен күнәның бірі - сауда-саттықта таразыдан жеу. Алғанда артығымен алып, сатарда таразыдан жеу – ұрлық деген де бар. Негізі дүкенші өзінің сатып тұрған тауарынан кемшілік шыққанда ең бірінші кезекте кешірім сұрау керек еді. Оның тауарының зауыттан ба, басқа жерден бе, кем болып келгеніне тұтынушы кінәлі емес. Барлық сауда жасаушыларға топырақ шашпаймыз. Дегенмен қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, пайда тауып жатқандар бар екені белгілі.

Қ.Қожаназартегі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521