Новикова Юлиана – жеңімпаз

Атырау қаласында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл - парасат» атты этнос өкілдері арасында облыстық байқау өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті, тарихқа деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, еліміздің рухани бірлігін нығайту. Аталған шараға әр ауданнан өзге ұлт өкілдері қатысып, түрлі тапсырмалар бойынша бақ сынасты. Жылыой ауданынан орыс ұлтының өкілі Новикова Юлиана да қатысты.

Юлиана сайыс барысында қазақ тілін еркін меңгергендігін, ұлттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа жетік екендігін аңғартты. Юлиананың қазақ тілінің шұрайлы сөздерін еркін меңгеруіне өз ортасы әсер етті. Орыс мектебінде білім алғанымен айналасындағы достарымен қазақ тілінде қарым-қатынас жасады. Өмірлік жарын да қазақ жігітінен таңдап, қазақ шаңырағына келін болып түсті. Қазір - өнегелі отбасының үлгілі келіні. Жылыой ауданындағы «Өркен - 2» балалар бақшасының тәрбиешісі болып жұмыс жасайды.

  Байқауда Юлиана барлық тапсырмаларды шеберлікпен орындап, 1-орын жеңімпазы атанды.

Байқауға қатысушылардың барлығы да қазақ тілін жақсы меңгеріп, еркін сөйлей білетіндіктерін аңғартты. Көрермендер олардың берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға ынта білдіргендеріне сүйсініп, дуылдата қол соқты. Сарапшылар үміткерлерді бағалау кезінде олардың қазақ тілінде таза сөйлеуіне, өлең оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне, ән орындау нақышына, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне баса назар аударып, әділ бағаларын берді. Жеңімпаздар және барлық қатысушылар диплом, алғысхат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Үміт Кенжина,

Жылыой аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521