Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы

Жақында №3 мектепте «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» атты ата-аналар конференциясы өтті.

Мектеп директоры Шолпан Ботайқызы Республикалық олимпиаданың үш кезеңінде өз білімі мен біліктілігін көрсетіп жүлделі орынға ие болып, мектептегі қоғамдық жұмыстарға зор үлесін қосып жүрген оқушылардың ата-аналары Д.Жидебаев, С.Ботаев, М.Бозаевтарды алғысхатпен марапаттады.

Мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Замзагүл Ахатқызы «Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы» жөнінде аналарға қажетті кеңестер берді. Конференцияда мектеп психологі Клара Мырзағалиқызы баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында тренинг өткізді. Конференцияға аудан орталығынан арнайы мамандар шақырылды.

Жылыой аудандық емханасының нарколог маманы З.Мусина «Жасөспірімдер арасындағы есірткі қолданудың зардабы және оның алдын алу» жөнінде, Жылыой аудандық емханасының гинеколог маманы З.Есенғожина «Жасөспірім қыз балалар арасында ерте жастан жүктілікті, ерте тұрмыс құруды болдырмау, отбасындағы әке мен ананың ролі» жайында, Атырау облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жылыой ауданы филиалы ұйымдастырушы-мейірбикесі Д.Қараманова «Салауатты өмір салтын сақтау бағытында дұрыс тамақтану ережесі және оның 5 әдісі», аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ә.Санабаева, полиция лейтенанты Г.Ганиевалар құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар мен олардың құқығын қорғайтын заң баптары туралы әңгімеледі. Қара-Арна ауылдық округі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Н.Жамалбеков мектеп оқушыларының беймезгіл, кешкі уақытта көшеде жүретінін, тәртіп мәселесін қозғады.

Аудандық әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Р.Мұханова әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне байланысты түсінік жұмыстарын жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналар Ж.Маханбетов, Ж.Ыбыраш мамандарға сұрақ қойып, жауап алды. Конференцияны ауыл әкімі Ерболат Құлқайұлы қорытындылап, ұсыныстар қабылданды.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет