Бірыңғай жиынтық төлем халыққа тиімділігі туралы түсіндірілді

Өткен аптада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла бірыңғай жиынтық төлемінің халыққа тиімділігін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бөлім басшысы мен оның қызметкерлері қаладағы ірі сауда орталықтарының маңында сауда жасап, өз нәпақаларын тауып жүрген тұрғындармен кездесті.

- Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар бір төлеммен төрт бірдей жарнаны жасай алады. Соның ішінде медициналық сақтандыру жарнасы, зейнетақы қорына түсетін төлем, жеке табыс салығы мен әлеуметтік сақтандыру жарнасы бар. Былайша айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар бір төлемді жасап, медициналық және әлеуметтік сақтандыру, сондай-ақ, зейнетақы жүйесіне қатысатын болады. Кәсіптері де тіркеуге алынады,-деп түсіндірді бөлім мамандары. Осындай түсінік жұмыстары жеке көліктерімен қалада такси болып жүрген азаматтар арасында да жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылды. Мемлекеттік органдар бір айға төленетін бірыңғай төлемнің мөлшерін де есептеп шығарыпты.

Атап айтсақ, қала тұрғындары үшін айына 2 525 теңге, ал ауыл тұрғындары үшін 1263 теңге. Бірыңғай жиынтық төлемінің 10 проценті жеке табыс салығына, 40 проценті міндетті зейнетақы жинақтау шотына, 10 проценті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, қалған 40 проценті медициналық сақтандыру жарнасы ретінде жіберіледі. Бірыңғай жиынтық төлемі, алдымен, банктер мен терминалдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының есепшотына аударылады. Мемлекеттік корпорация одан ары тиісті қорларға өзі бөледі екен.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет