Баспанасыз қалған отбасыға

Қақаған қыс ортасында өрт қаламыздағы бір жанұяны баспанасыз қалдырған болатын.

Отқа оранған үйде әйел мен оның баласын күйік шалып, ауруханаға да түскен еді. Жақында оларды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов қабылдап, хал-жағдайларын білді. Денесін күйік шалған тұрғындар аудандық емханада емделіп шыққандарын айтты. Сол күнгі оқиға психикаларына қатты әсер еткені жүздерінен байқалып тұрды.

Бүгінде отбасы 8-учаскедегі 2 бөлмелі үйді жалға алып отыр екен. Сайлаубай Сұлтанғалиұлы көмекке әкелген азық-түлік, киім, аяқкиім, көрпе, ыдыс-аяқ және тағы да басқа тұрмысқа қажетті заттарды оларға табыс етті.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Ақпан 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет