Тағы бір жылыойлық «Харекеттен» баспана алды

«Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір жылыойлықты қуанышқа бөледі.

2-топ мүгедегі Сәбит Бағытов жолдасы Мәдина Тазанбаева екеуі бірнеше жылдан бері пәтер жалдап келген болатын. Оның үстіне бір баласы бала жастан мүгедек. Міне, жаңа жыл қарсаңында бұл отбасы үлкен қуанышқа кенелді.

Күні кеше өткен кәсіпкерлердің балында «Харекет» қайырымдылық қорының мүшелері үйдің кілтін Сәбит ағаға салтанатты түрде табыс етті. Көз жасына ерік берген қуаныш иелеріне кәсіпкерлер де сол жерде көрімдік беріп, жомарттық танытып жатты.

Атап айтсақ, жас кәсіпкер Асқар Бисембаев үйге су жаңа жиһазды сыйға тартатын болды. Ал «Айсалтан» дүкенінің иесі Мәншүк Жиенбетова жаңа үйдің қоныс тойына қойылатын азық-түлікті тегін беретінін айтты. Осылайша, Қосшағыл ауылдық округінен баспаланы болған жас отбасының алғыстан басқа айтары жоқ. Жүректерді елжіреткен бұл жаңалыққа бүкіл жылыойлықтар да бірге қуанды.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Қаңтар 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет