Жұқа мұз – жасырын қауіп

Ауа райының салқындауымен бірге балықшылардың мұз ойып, балық аулайтын маусымы басталды.

Ал ойын балалары үшін мұз үстінде сырғанақ тебу – қуаныш. Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының Жылыой ауданы бөлімшесінің қызметкерлері қазіргі күні су айдындарында тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Күшейтілген қызмет аудан көлеміндегі су тоғандарында рейдтік шаралар жүргізіп тұрады.

Қазір ауаның температурасы құбылмалы. Күз мезгілі біресе көктемді елестетсе, енді бірде қаһарлы қыстың ызғарын шақырып тұрғандай. Тұрақты температураның сақталмауына бай¬ланысты өзен – көлдердің алғашқы мұзы қатып та, еріп те үлгерді. Бұл – тұр¬ғындар үшін аса сақтықты қажет ететін мезгіл. Себебі алғашқы мұз ойын баласын қызықтырғанымен, жұқа әрі қауіпті болады. Ұзын жолды қысқартып, өзен бетіндегі мұздан өткісі келетін жүргіншілерге қатаң түрде тыйым саламыз. Алғашқы мұз сырт көзге қалың болып көрінгенімен, адам салмағын көтере алмайды. Қалыңдығы 10-12 см-ге жеткен кезде мұз бетіне шығу қауіпсіз екендігін есте сақтау қажет. Сондай-ақ, мұз беті қармен жабылған жерлермен жүрмеуге тырысыңыз, себебі ондай тұстарда мұз өте баяу қатады.

Қандай жерлер қауіпті?

- су ағатын жердің жанында;

- қатып қалған қамысы көп жағаның жанында;

- қардың қалың қабатымен басылып қалған мұз;

- көпірдің астында, өзендердің ирелеңінде, ағыны тар жерлерде;

- түнде мұздың үстімен жалғыз жүруге тыйым салынады.

Балықшыларға:

сіз мұз айдынына балық аулауға шықсаңыз, төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңыз қажет:

- мұз шетінде және әлсіз мұз (10 см. аз) жерлерге бармау;

- мұздың тұтастығы бұзылған, жұқа әрі ағысы қатты мұздың үстімен, бұталар және қоға басқан, сондай-ақ қалың қар жамылған мұз үстімен жүрмеңіздер;

- шектеулі алаңда екі ойықтан артық мұзды тесуге, от жағуға жол берілмейді;

- мұзда көпір астында, әртүрлі су құрылыстары жанында, су айдынына, бұлақтар мен өзендер ағатын жерлерге баруға тыйым салынады;

- міндетті түрде өзіңізбен бірге қарапайым құтқару құралдары (қалтқысы бар арқан, тақта, құтқару жилет және т.б.) болсын;

- балық аулаушылардың арақашықтығы 3-5 м кем емес болу керек;

- алкагольді ішімдік тұтыну - мұз үстіндегі қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Ата-аналарға: Үлкендердің бақылауынсыз балаларды мұз үстіне жібермеңіздер, оларға қауіп-қатер туралы ескертіңіздер. Балаларға қысқы мезгілде су айдындарында тәртіп ережесін түсіндіріңіздер, жұқа мұз үстінде ойнауға тыйым салыңыздар, желікпе болудан сақтандырыңыздар. Қолдан істелген сал, тақтай, бөренелерге мініп, мұз үстіне серуендеуге рұқсат етпеңіздер. Салқын су мен қатты ағыс апат төндіреді. Сондықтан шығарма, диктанттар жазу, конкурстар өткізу, сурет салу, әңгімелесу түрлерін жүргізуді «Судағы тәртіп ережесі, апатқа ұшырағандарды құтқаруды оқыту және зардап шеккендерге көмек көрсету туралы» ұсынылған тақырыптарға арнауларыңыз қажет. Мұғалімнің міндеті – көбінесе қайғымен аяқталатын суда болатын оқиғалардан сақтандырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.

Оқушыларға: - қолдан жасалған тақтай, бөренелерге мініп, мұз үстінде серуен құрмаңыздар. - бөгеулерге, сал байлайтын орындарға жақын жүрмеңіздер, ондай жерлерге ойын ұйымдастырмаңыздар. - шұңқырларға, котловандарға, канализациялық люктер мен құдықтарға жақындамаңыздар. - егер сіз мұз үстіндегі жағдайдың куәсі болсаңыз, сасқалақтамаңыз, үйге қарай қашпаңыз. Қатты дауыстап көмекке шақырыңыз, үлкендер даусыңызды естіп, бақытсыздықтан құтқарады.

Естеріңізде сақтаңыздар! Сіздің және балаларыңыздың өмірі алдын ала қауіпсіздік шараларын сақтағаныңызға байланысты. Егер сіз мұз үстіндегі қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыздар, 8(71237) 3-59-39 немесе 112 нөміріне соғыңыздар!

С.Абуев,

Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының Жылыой ауданы бөлімшесінің бастығы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет