Теміржол өткеліне бейнебақылау керек

Құлсары бекетіндегі Құлсары 11-жол дистанциясының инженері Әбілқасым Борабековтің айтуынша, дистанцияға қарасты барлығы 18 теміржол өткелі бар екен.

Күні бүгін оның тек біреуі ғана күзетпелі болып табылады. Ол – Құлсары мен Теңіз тасжолы бойындағы теміржолдың 1244-шақырымында орналасқан, қаладан шыға берістегі жалғыз шлагбаум. Қалғаны – Майкөмген мен Шоқпартоғай ауылының, Боранқұл поселкесінің ішіндегі, 1163-шақырымдағы Қисымбай кен орнының тұсындағы, өзге де өткелдер. Оларда пойыз келе жатқанда автокөліктерді аялдататын арнайы шлагбаумдар жоқ.

Таяуда «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның ұйғаруымен аудан аумағында қарашаның 6-сы мен 16-сы аралығында «Теміржол өткелі – қауіпті аймақ» атты республикалық айлық ұйымдастырылды. Теміржол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткен бұл шара кезінде дистанцияның техникалық бөлім басшысы Нұрбиға Құрманова, инженер Әбілқасым Борабеков аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жүргізушілер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар теміржолға табан тіреген көлік иелерін тоқтатып, өткелден өту ережесін еске салды, айлық мақсатын түсіндірді.

-Жалпы, біздің дистанция Мақат пен Бейнеу аралығындағы 296 шақырымға созылған болатжолдың бойының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жасыратыны жоқ, өткелдердің көбі арнайы күзетсіз тұрғандықтан теміржолдан өту кезінде қауіпті жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Бір ғана Құлсары бекетіндегі шлагбаумда жүргізушілер көзіңді бақырайтып қойып, жол ережесін өрескел бұзып жатады. Бұл жауапсыздық емей немене?! Сондықтан мұнда жергілікті әкімдік бейнебақылау қондырғысын орнатса, көлік иелері айылын жияр еді. Ал Қисымбайдың тұсындағы өткелге арнайы күзет қою керек. Өйткені ол Атырау-Ақтау аралығындағы республикалық трасса бойында орналасқан,-дейді Ә.Борабеков.

Шара барысында өткелдер тексеріліп, 35 жүргізушімен түсінік жұмыстары жүргізілді.

Е.Қошақанов.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет