Тұрғын үй көмегі кімге тиесілі?

Елімізде аз қамтылған, қолдауға мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіледі. Сөның бірі – тұрғын үй көмегі. Жұртшылық тұрғын үй көмегін өзге жеңілдіктермен шатастырып жатады.

Ақиқатында, тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге, тұрғын үйді ұстауға, сондай-ақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кондоминиумның ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған ақшалай қаражатты мемлекеттік өтеуі.

Сонымен тұрғын үй көмегі кімдерге тиесілі? Осы сауалға жауап іздеп, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидоллаға хабарласқан болатынбыз. Оның айтуынша, ауданда тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы №33-2 шешіміне сәйкес тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленеді. Отбасының коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындар отбасының жиынтық табысының 5 пайызынан асқанда белгіленген норма шегінде көмек беріледі.

-Серік Қамидоллаұлы, биыл ауданда қанша отбасы тұрғын үй көмегіне ие болып отыр? Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері қанша қаржыны құрап тұр?

-Биыл жыл басынан бері ауданымыздағы аз қамтылған 19 отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды. Тұрғын үй көмегінің мөлшері қазіргі кезде 239 мың теңге көлемін құрап отыр.

-Тұрғын үй көмегін есептегенде қандай нормалар қолданылады?

-Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалатын шығындардың көлем нормалары коммуналдық кәсіпорындармен белгіленеді. Мысалы: қалалық және селолық телефон байланыс тарифтері қалада 1006 теңге 38 тиын болса, ауылдық елді мекенде - 668 теңге 18 тиын.

- Мәселен, бір отбасыда отағасы жұмыста, айлық табысы - 50 мың теңге. Ал жолдасы бала күтімімен үйде отыр. Оның көпбалалы ана ретінде ай сайынғы жәрдемақысы - 10 005 теңге. Үй отағасының атағында, осы жағдайда тұрғын үй көмегі тиесілі ме?

-Бұл жағдайда отбасындағы кіріс көзі 60 005 мың теңге, оның 5%-ы - 3000 теңге. Айталық, ай сайынғы коммуналдық төлемдерге 7 055 теңге төлейді(газға 5500 теңге, суға есептегіш құралымен - 120 теңге, электр жарығына - 736 теңге, телефон қызметіне - 699 теңге). Айлық отбасы кірісі мен шығысының айырмасы 7055-3000=4005 теңге тұрғын үй көмегі тиесілі. Мұндай жағдайда тұрғын үй көмегі отағасының атағына тағайындалады.

- Аталған көмекті азаматтар қайда барып, қалай тағайындата алады?

-Бұл тұрғын үй көмегін тағайындату үшін азамат (отбасы) Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жылыой аудандық бөліміне өтініш береді және төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:

1.Белгіленген нысан бойынша өтініш;

2.Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

3.Отбасы табысын растайтын құжаттар;

4.Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот;

5.Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.

6.Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Қ.Нұртайұлы

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет