Ұрпақ әкеге қарап бой түзейді

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтауды, сананы бекемдеуді баса айтқаны анық.

Ал баланың бойындағы ұлттық рухтың туын тік көтеріп ұстауына мұрындық болатын отбасындағы әкенің тәлім-тәрбиесі екені белгілі. Сондықтан да мемлекет әкенің қоғамдағы рөлін арттыру туралы саясатты дер кезінде қолға алды.

«Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ер балаға елін-жұртын тануды жеті атасынан бастап үйретіп, «атаның емес, адамның баласы болуға» тәрбиелейтін әулеттегі әкенің орны орасан. Олай болса, оларды бір үйдің асыраушысы деп қана қарамай, отбасы мен мектеп, қоғам арасындағы алтын көпір салатын басты тұлға ретінде тануымыз керек. Сондықтан бүгінгі мектептерде әкелер кеңесінің құрылып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиелік мәселелеріне етене араласуы – соның айғағы.

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде өткен Атырау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссияның көшпелі мәжілісінің «Әке – жауапты лауазым» атты облыстық әкелер слётімен жалғасын табуы бекер емес-ті. Онда сахна мінбесіне көтеріліп, сөз сөйлеген аудан әкімі Азамат Бекет қазіргі қоғамның қозғаушы күші әкелердің жас ұрпақ алдындағы парызына тоқталды. Бұл ретте аймақтық деңгейде ұйымдастырылып отырған бүгінгі шараның маңыздылығын айрықша атап өтті.

Сахна шымылдығы «Абай жолы» романынан алынған қойылыммен ашылды. Онда №4 орта мектептің оқушылары «Әке - балаға сыншы» деген атпен оқу бітіріп, елге оралған жас Абайдың әкесі Құнанбаймен, анасы Ұлжанмен, әжесі Зеремен, ел-жұртымен табысу сәтін бейнеледі. Онда ауылдан тарыдай болып кетіп, таудай болып оралған ұлына әке сын көзбен қарап, болар данышпанның бала да болса, дара тұлғасына лайықты бағасын береді. Әрине, бұл қойылым бекер сахналанған жоқ. Оған әр мектептен келген әкелер кеңесінің мүшелері шығып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сол арқылы көрермен бүгінгі әкелердің бет-бейнесін таныды. Сондай-ақ «Әке, мен сенің уақытыңды бір сағатқа сатып алайыншы» атты бейнефильм көрсетілді. Ондағы көрсетілген әке мен бала арасындағы қарым-қатынас хақында әкелер бір ауыз сөзбен өз көзқарасын білдірді. «Ұрпағыма айтарым бар» айдарында сахнаға Қойшыбай Шағатаевтай ақсақалды ата, Теңел Айдарбекұлыдай асқар таудай әкелер шықты. Ата – немересіне, әкелер – баласына ұлағатты әңгімесін айтып, парасатты ақылын көңіліне тоқыды. Соңынан облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова Әкелер слётінің жеңімпаздарын марапаттады. Әкелер слётінде барлық әкелерге арнап үндеу жариялады. Олардың құрметіне жас әкелер триосы «Әкеме» әнін шырқап, өнерпаздар Абылайхан Құмар «Менің әкем - ең таза адам», Жандос Лұқпанов «Қос бәйтерек» әндерін асқақтатты.

Е.Бисекенұлы

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет