Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы өседі

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының өсуіне байланысты семинар болып өтті.

Аталған семинарда аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа факторлы-балдық жүйе жөнінде түсіндіріп өтті.

-«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына орай мемлекеттік қызметшілердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру және еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу мақсатында еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу жоспарлануда. Факторлы-балдық жүйенің енгізілуі еліміздің мемлекеттік қызметшілеріне оң әсерін тигізеді деген сенімдемін. Бұл жүйенің енгізілуі таза ауысымдылықты азайтады, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырады деген ойдамын. Жаңа жүйе мемлекеттік аппаратты кәсіби құзыретті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ж.Сәкенұлы.

Енді еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысы факторлы-балдық шкала негізінде жүргізілмек. Аталған жүйе белгіленген бөлік пен бонус негізінде қолданылатын болады. Елбасының қолдауымен 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жаңа жүйе пилоттық негізде Астана қаласының әкімдігінде, Маңғыстау облысының әкімдігінде, Әділет министрлігінде және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде енгізіліп, еңбекақы екі есеге жоғарылатылды. Келер жылдан бастап бұл жүйені еліміздің барлық облыстарының мемлекеттік органдарына енгізу жоспарланып отыр.

Мысалы, 2017 жылы дербес бөлімнің бас маманы 60 мыңнан 81 мыңға дейін жалақы алатын болса, енді факторлы-балдық шкаламен есептегенде ең төменгі жалақы 145 мыңнан басталып отыр. Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын есептеу үшін «А», «В», «С» үш блогқа бөлінеді: А - функционалдық блогы (негізгі персонал).

В - функционалдық блогы (жәрдемдесуші персонал).

С - функционалдық блогы (қосалқы персонал).

Бұдан бөлек факторлы-балдық шкала негізінде жыл қорытындысымен тиімді нәтижеге қол жеткізген білікті қызметкерге 4 еңбекақыдан 12 еңбекақы арасында бонус алуына мүмкіндік қарастырылған. Бұл берілетін бонустар мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы бекітілетін жеке жұмыс жоспарларындағы индикаторлардың күрделілігіне және мақсатты орындалуына байланысты болмақ.

П.ҚИЗАТОВА.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет