Әлеуметтік нысандар құрылысы қалай жүруде?

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов және партия филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелері қаладағы салынып жатқан музей мен кітапхана құрылысының сапасын көріп, бөлінген қаражаттың игерілуіне бақылау жүргізді.

Бақылау кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған бас мердігер мекемелердің өкілдері жұмыстың барысымен кеңінен таныстырды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы ескертулер жасап, жуық арада аталған кемшіліктерді жою міндетін қойды. Аталған нысандардың құрылысы алдағы уақытта партия бақылауында болады.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет