Жемқорлықтың алдын ал

Өткен аптада аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жиналыс өтті.

Оны аудан әкімі Азамат Бекет ашып, жүргізіп отырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментіні басшысының орынбасары Мұрат Данияров басты міндет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті. Аталған департаменттің ауданаралық бөлімі басшысы Ринат Құлбалиев облыс көлемінде орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталды. Жиналыс кезінде облыс көлемінде 2014-2016 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда қызмет ететін лауазымды адамдардың пара алу мен пара беру кезінде құрықталуы және қылмысы үшін берілген жазалары туралы бейнебаян көрсетілді. Департамент басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу болатынын жеткізді.

Оның айтуынша, жемқорлықтың алдын-алуға жәрдемдескен азаматтар белгілі мөлшерде қаржылай марапатталып, мемлекеттің қорғауында болады. Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі облыстан келген қонақтарға алғысын айтып, мемлекеттік қызметшілерді жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Қ.Нұртайұлы.

Видеолар

Күнтізбе

« Желтоқсан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Наверх
Локальный сервер Денвер.
Рентген кабинет